Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 611 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 139-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санаттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 611 бұйрығына 1-қосымша
Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санаттары
Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілер санаттары:
электрондық шот-фактураны кері қайтарып алу арқылы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс-жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны орындаған салық төлеушілер.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 611 бұйрығына 2-қосымша