Введите номер документа
Прайс-лист

«Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапятница, 12 мая 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 28 мая 2023
Дата последнего изменениясреда, 4 октября 2023

Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2023.14.09. № 804 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 2 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) экспортына айрықша құқық берілген тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі;

2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;

3) Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.

ҚР Үкіметінің 2023.14.09. № 804 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 2 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі басталған күннен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

3. ҚР Үкіметінің 2023.04.10. № 862 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом