Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығы
(2016.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.31.05. № 452 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.31.05. № 452 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кезеңдiлiгi.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;