Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 222 бұйрығына
4-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
қағидалары
(2023.17.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына (әрі қарай - Заң) сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.10.01. № 9 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Болашақ» халықаралық стипендиясының шығыстарын өтеу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қаражаты есебінен шеккен шығыстар сомасын растайтын құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге береді.
Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) берілген.