Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 2/262-559 Қаулысы
Осы редакция 2026 ж. 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылғы 18 ақпандағы № 1-K қызметтік хатының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы хайуанаттар бағы» КМҚК қайта құру үшін Алматы қаласының Медеу ауданындағы Есенберлин және Орманов көшелерінде орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы ушін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбурлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
3. Меншік иелері (жер пайдаланушылар) жүгінетін орын Алматы қаласы, Алматы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-кеңсе болып белгіленсін.
4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралык, ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының шаруашылық жургізу құқығындағы «Қала жер орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін (жер пайдаланушыларды) хабардар етсін.
6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне (жер пайдаланушыларға) өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;