Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.17.05. № 162 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.04.05. № 169 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.22.09. № 294 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 7-1/394 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.17.05. № 162 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: