Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімі
Осы редакция 2023 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында:
1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне осы өкімге берілген қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы өкім ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшке енеді.
| Адам құқықтары жөніндегі уәкiл | А. Шәкіров |
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 14 өкіміне
қосымша
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер
1. «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережесін бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8891 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 264 (28203) санында жарияланған) келесідей өзгерістер:
кіріспе келесідей редакцияда баяндалсын: