«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 710 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 378 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген заттай нормалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.