Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІЛІК...

Информация о документе
Датапонедельник, 13 февраля 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 13 февраля 2017

Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 375 бұйрығына 6-қосымша

 

 

Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
(2017.13.02. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Біріктірілген білім ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастанбіріктірілген білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.

2. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері:

1) мектеп-гимназия;

2) мектеп-лицей;

3) қосымша білім беру мектеп-орталығы;

4) мектеп-интернат-колледж;

5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені);

6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық);

7) оқу-тәрбие орталығы (кешені);

8) оқу орталығы болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.13.02. № 60 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Біріктірілген білім беру ұйымдарына, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Ұйымдардың үлгілері мен түрлері бойынша сыныптардың (топтардың) жиынтықтылануы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

5. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша біріктірілген білім беру ұйымдары бекітілген аумақ шегінде, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дербес( аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргізеді.

6. Біріктірілген білім беру ұйымдарының штаттық саны оның Жарғысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына белгіленеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами