Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 Қаулысы
(2019.01.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2019.01.11. № 827 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 шілдедегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың
тізбесі
| Р/с № | Тауардың/субпозицияның атауы | СЭҚ ТН коды |
| 1 | 2 | 3 |
| 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қауіпсіздікті тексеруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салулар мен шектеулерді сақтау көзделген тауарлар |
| 1 | Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей | 0401 |
| 2 | Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей | 0402 |
| 3 | Пахта, іріген сүт және кілегей, йогурт, айран және өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған, дәмді хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған | 0403 |