«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 14 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
57-тармақта:
төртінші бөлімнің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«57. Оператор өтініш тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жеке меншік білім беру ұйымына мынадай сәйкессіздіктер анықталған кезде сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді:».
алтыншы бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
«Оператор қоса берілген құжаттармен бірге жекеменшік білім беру ұйымының өтініші қайта келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады:».
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: