«Инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 895 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 124 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 895 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 124 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы