«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 31 мамырдағы № 251 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 18 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13067 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министірдің м.а. | Ш. Каринова |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2022 жылғы 31 мамырдағы
№ 251 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 12 қаңтардағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.