Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасыньң 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабының 27-5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атақарушысының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 431 бұйрығының күшін жойылғанын тану (нормативті құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу Реестрінде тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 6 ақпанда № 9099 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамамен белігенген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн өткен ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;