Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 140-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 4 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 20 апреля 2025
Дата последнего измененияпятница, 4 апреля 2025

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 140-НҚ бұйрығы

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 350) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидалары бекітілсін.

2. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 77 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22378 болып тіркелген) күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақтан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Мәдениет және ақпарат министрінің

 міндетін атқарушы

 

 

К. Искаков

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом