«Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің тізбесін бекіту және «Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 маусымдағы № 254-1 бұйрығының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 276 бұйрығы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. «Магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және технологиялық жағынан қажетті өзге де объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 30 маусымдағы № 254-1 бұйрығының күші жойылсын
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу