Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 224 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 94 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне осы бұйрықты:
1) салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстырылуға және таратылуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы | Қ. Ерғалиев |
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 25 мамырдағы
№ 224 бұйрығына
қосымша
Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын
ұйымдардың тізбесі
| № р/н | Атауы |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
| 1. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны |
| 2. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны |
| 3. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны |