Босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 наурыздағы № 192 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-1) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағындағы жалпы ауданы 185,88 гектар жер учаскесі «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты пайдалануға берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекеменің жер учаскелері босалқы жер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы орман «мемлекеттік ұлттық парктердің орманы» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 16 наурыздағы
№ 192 қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты пайдалануға берілетін жерлердің
экспликациясы
| Атауы | Жалпы ауданы, гектар |
| Ақмола облысы Бурабай ауданының босалқы жерлері | 185,88 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 16 наурыздағы
№ 192 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 593 қаулысымен
бекітілген