«Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 2282 Қаулысы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 1327 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Е.К.Туретаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Ақтау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Е.К.Туретаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2282 қаулысымен бекітілген
«Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің,
«Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық
бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру
қағидалары және оның сипаттамасы