Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 9 ноября 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 ноября 2024

Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 881 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 857 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 9 қарашадағы

№ 881 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау тәртібін айқындайды.

2. Қағидалар мемлекеттік органдардың және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау процесіне өзге де қатысушылардың қызметін қамтиды.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) цифрлық трансформация - цифрлық технологияларды енгізуді, реинжинирингті және деректерді пайдалануды қамтитын іс-шаралар кешені;

2) цифрлық трансформациялаудың жол картасы - қаржыландыру көздері мен көлемі туралы ақпаратты қоса алғанда, мемлекеттік орган жоспарлы кезеңде цифрлық трансформациялау арқылы қол жеткізуді жоспарлаған саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын және мемлекеттік басқару жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігінің оларға сәйкес келетін тиісті көрсеткіштерін (олардың мәндерін қоса алғанда) айқындайтын құжат;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами