Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 302 бұйрығы
(2021.30.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2021.30.07. № 736 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2021.30.07. № 736 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-1-бабына және 58-2-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;