Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығы
(2026.16.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.16.06. № 233 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 7-1/86 бұйрығымен
бекітілген
Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау
қағидалары
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.16.06. № 233 бұйрығымен 1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.16.06. № 233 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)