Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығы
(2016.10.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.10.11. № 1043 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.10.11. № 1043 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының қоса берілген үлгілері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Комитетке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 630 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік
полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетондарының үлгілері
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.10.11. № 1043 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары
жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетонының үлгісі