Введите номер документа
Прайс-лист

Пейрезидент табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп, сондай-ақ халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған табыс сомалары, Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын табыс сомалары және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс болып табылмайтын сомалары бойынша есеп нысаны (101.04-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығына 5-қосымша)

Информация о документе
Датасреда, 12 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениясреда, 12 ноября 2025

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 12 қарашадағы

№ 695 бұйрығына 5-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанға қосымша

 

 

«Бейрезидент табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп, сондай-ақ халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған табыс сомалары, Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын табыс сомалары және

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс болып табылмайтын сомалар

(101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау бойынша

түсіндірме

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бейрезидент кірісінен төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған кіріс сомалары, Салық кодексіне сәйкес салық салуға жатпайтын кіріс сомалары және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кіріс болып табылмайтын сомалар бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және бейрезидент кірісінен төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы сомасын есептеуге, сондай-ақ:

халықаралық шарттың Түсіндірмеге сәйкес салық салудан босатылған табыс сомалары;

Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын табыс сомалары;

Қазақстан Республикасындағы табыс көзі болып табылмайтын табыс сомалары.

Есепті Салық кодексі 685-бабына сәйкес салық агенті ұсынады.

Бұл ретте, Салық кодексіне сәйкес салық салуға жатпайтын кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы табыс көзі болып табылмайтын кіріс сомалары есепте әрбір бейрезидент бойынша және егер аталған төлемдер валюталық келісімшарт шеңберінде жүргізілген жағдайда көрсетілуі тиіс. Аталған сомалар есепті тоқсан бойынша есептеледі және есепті тоқсан ішінде жиынтығы 50 000 АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда көрсетіледі (Салық кодексінің 684-бабы 1-тармағына сәйкес төлем сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом