Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 104 бұйрығы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-2-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2021 жылғы «____» _________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі