Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 182 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 72-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және (немесе) қорлары туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі | К. Шарлапаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 182 бұйрығына қосымша
Жер қойнауын пайдаланушыны, пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер