Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 Қаулысы
(2022.23.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2019.12.02. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.23.02. № 81 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.12.02. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.23.02. № 81 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2019.12.02. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.23.02. № 81 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына