Тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өндіретін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 689 бұйрығы
(2023.30.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 386-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өндіретін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.