Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 114 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 95-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы | А. Амрин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 114 бұйрықпен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 95-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындайды.