Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына
6-қосымша
«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) қызмет берушінің кеңсесі;
2) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы);
3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 12 (он екі) ай өткеннен кейін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - өнеркәсіптік үлгідегі патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электронды, қағаз түрінде.