Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11180 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 1 қазанда жарияланған) бұйрығының;