Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 15 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 4 наурыздағы
№ 15 бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген).