«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 123 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпанындағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында:
1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыру кезінде ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін пайдаланады. Бұл ретте фискалдық деректер операторы мынадай міндеттерді:
1) салық төлеушілерден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды;
2) ақшалай есеп айырысулар туралы алынған мәліметтерді өзінің электрондық тасығыштарында сақтауды;