Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығы
(2026.03.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік министрінің м.а. 2023.22.12. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Көлік министрінің м.а. 2023.22.12. № 146 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Көлік министрінің м.а. 2023.22.12. № 146 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Б. Атамкулов |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Көлік министрінің м.а. 2023.22.12. № 146 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)