Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 434 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу
орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі
(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі - қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11467 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «64615 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РММ), «01826 әскери бөлімі» РММ-нің іс жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.