Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығы
(2023.10.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 Қаулысына, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.14.07. № 264 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.15.12. № 309 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023.10.05. № 243 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса ұсынылған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Алматы» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Байқоңыр» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже;
2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Нұра» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Есіл» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже;