Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 25-02/457 бұйрығы
(2020.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.15.04. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.15.04. № 146 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 25-02/457 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.15.04. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды
адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз)
үлгілері
1. Жалпы ережелер