Введите номер документа
Прайс-лист

«Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығы (2025.05.07. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 1 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 20 декабря 2022
Дата последнего изменениясуббота, 5 июля 2025

Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығы

(2025.05.07. берілген өзгерістермен)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 245-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау министрінің м.а.

 

Т. Султангазиев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігі

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.14.04. № 73 бұйрығымен (2023 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.11. № 91 бұйрығымен (2024 ж. 19 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.06. № 394 бұйрығымен (2025 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом