Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 381 бұйрығы
(2016.25.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 331 бұйрығымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 108 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы | А. Рау |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.25.07. № 573 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің м.а.
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 381 бұйрығымен
бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның
құрамы
| Тоқтабаев Тимур Серікұлы | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, комиссия төрағасы; |
| Шалабаев Азамат Жеңісұлы | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
| Баймишев Руслан Нурашевич | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Казгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі; |