Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікті сатып алу ҰҚК-ге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 41 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы
киім нысандарымен және басқа да заттық мүлікпен қамтамасыз ету
нормалары
| Р/с № | Заттардың атауы | Бір қызметкерге арналған заттар саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары офицерлік құрамын арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттық мүлікпен қамтамасыз ету нормалары |
| 1.1. Ерекше салтанатты және салтанатты киім нысаны |
| 1 | Фурнитурасы бар қара түсті фуражка | 1 дана | 5 жыл | |