Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 24 қарашадағы № 451-н/қ бұйрығы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-9) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс паспортының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Е. Аккенженов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 қарашадағы
№ 451-н/қ бұйрыққа 1-қосымша
Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 18-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: