«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 Қаулысы
(2018.07.03. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2018 жылға мынадай:
1) кірістер - 8 449 915 213 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 5 396 067 257 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 126 736 258 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2 921 491 698 мың теңге;
2) шығындар - 8 965 833 773 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 91 562 931 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 219 934 373 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 128 371 442 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 32 085 188 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 32 085 188 мың теңге;
5) тапшылық - -639 566 679 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 1,1 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 639 566 679 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;