Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.08.11 № 1181 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы;

2) Шекара белгілерін орнату қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1528 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 8 қарашадағы

№ 1181 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері,
сипаттамасы, конструкциясы


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Шекара белгілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) жергілікті жердегі немесе Мемлекеттік шекараның екі жағындағы сызығын айқындау үшін көзделген. Олардың географиялық координаталары шегендеу туралы құжаттарда немесе бірлескен - тексеру құжаттарында айқындалған және тіркелген.

2. Шекара белгілері негізгі және аралық болып бөлінеді.

 

 

2. Негізгі шекара белгілері

 

3. Негізгі шекара белгісі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға байланысты, сондай-ақ жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктерінен бір, екі, үш негізгі шекара бағаналарынан және бір орталық шекара бағанасынан тұрады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом