Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары мен талаптары) белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (Экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12778 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 13-тармағы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.