Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға құқық беру жөніндегі қызметті сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 168 бұйрығы
(2026.03.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.20.07. № 700 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.20.07. № 700 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану құқығын ұсыну жөніндегі қызметті сатып алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 17 ақпандағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген
Бекітемін:
___________________________
___________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы
(бірыңғай ұйымдастырушы)
___________________________
___________________________
(конкурстық құжаттаманы
бекіткен тұлғаның Т.А.Ә.
(бар болса)
Шешім № ___ күні
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.20.07. № 700 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)