«Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С-23-5 және Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № А-11/616 бірлескен шешімі мен қаулысы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімінің міндетін атқарушы | М. Балпан |
| Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Жүсіпов |
Бірлескен Ақмола облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
27 қарашадағы № А-11/616
қаулысына және Ақмола облыстық
мәслихатының
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 8С-23-5 шешіміне қосымша
Бірлескен Ақмола облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
21 қазандағы № А-10/480
қаулысына және Ақмола облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне
Қосымша
Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының
базалық ставкалары