«Жіктеуіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 415 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жіктеуіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мәміле сипатының жіктеуіші;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша электрондық өтінішті беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;