Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен және кеңсе керек-жарақтармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығы
(2025.09.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2025.23.10. № 618 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен және техникасымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2025.23.10. № 618 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мемлекеттік органдар үшін жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджет комиссиясы, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары қолданылмайды.