ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығығына 6-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) және/немесе «мinerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы (бұдан әрі - платформа) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтініш береді.
Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасымен, оның дұрыстығын нотариустың куәландыруымен ұсынылады.