Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 15 бұйрығына
қосымша
Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың
тізбесі
| Р/н № | Аурулардың атаулары | АХЖ-10 коды бойынша |
| 1 | Терінің гипертрофиялық өзгерістері | L91 |
| 2 | Келоидты тыртық | L91.0 |
| 3 | Терінің басқа гипертрофиялық өзгерістері | L91.8 |
| 4 | Терінің анықталмаған гипертрофиялық өзгерістері | L91.9 |
| 5 | Тері мен тері асты шелмайының гранулемалық өзгерістері | L92 |
| 6 | Басқа айдарларда жіктелмеген липоидты некробиоз | L92.1 |
| 7 | Тері мен тері асты шелмайының бөгде дене тудырған гранулемасы | L92.3 |